Балалар қоқысқа тасталған жарамдылық мерзімі өтіп кеткен газдалған сусындарды ішкен

1 561

Видеодан кадр: КТК телеарнасыАқтаулық балалар қоқыста жатқан жарамдылық мерзімі өтіп кеткен газдалған сусын ішіп жүр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Телеарна ақпаратынша, Ақтау маңында 10 тоннадан астам шетелден әкелінген сусын қоқысқа тасталған. Бұл жерге жергілікті балалар келіп, газдалған сусынды көптеп ішіп қойған. Тұрғындар балалар арасында танымал болған орынның құпиясын біліп қойып, дабыл қақты. Олар бөтелкелерде қандай сұйықтық бар екенін анықтауды талап етуде. 

"Бір көлік осында газдалған сусындарды әкеліп тастаған, ал балалар болса, соны ішіп жатыр. Бұл – жарамдылық мерзімі өткен өнім, сертификаттары да жоқ, ол жағын енді білмеймін. Бірақ мұны тоқтату керек", - дейді тұрғындардың бірі.

Балалар арасында танымал болған қоқыс орны Ақтаудан бір-екі шақырым жердегі Басқұдық ауылының маңында орналасқан. Видео авторының айтуынша, сусындар ол жерге жақында ғана әкелінген.

Ал жергілікті балалар қоқысқа тастағанның біраз бөлігін ішіп қойған. Кейбіреулері тіпті үйлеріне блокпен апарып та үлгерген. Ересектер мұндай оғаш жолмен жойылған сусыннан балалар уланып қалуы мүмкін деп қорқады. Олар шенеуніктерден батыл шара қолдануды талап етті.

Қазір қоқыс алаңы тазартылған, онда 10 тоннадан астам газды сусын болған. Бірақ кінәлілер әлі табылған жоқ. 

"10 дана техника мен тиегіштің көмегімен қоқыс пен бөтелкелерді көму жұмыстары жүргізілді. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сусын әкелген көлікті анықтадық. Бірақ видеодан мемлекеттік нөмірді көру қиын. Сондықтан құқық бұзушыны іздестіру әлі жалғасуда", - деді Басқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айбек Жангелдин.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.