Қызылордадағы мұнай компаниясында көз жұмған жұмысшыға дер кезінде көмек көрсетілмеген
464
Қызылорда облысындағы мұнай компаниясында белгісіз жағдайда қайтыс болған жүргізушінің ұлы әкесіне дер кезінде медициналық көмек көрсетілмегенін айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Марқұм болған жүргізушінің ұлы Дастан Сайыповтың жазған хатында сол күні орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы баяндалған. Бұл туралы тәуелсіз журналист Үйтолған Жареке өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Жүргізушінің ұлы сағат 12:00-де берілетін түскі асқа 6 адам кешігіп барып, 14:30-дар шамасында түскі асты ішкенін айтады. Содан біршама уақыттан соң әкесі жатып қалған.
Кейін көрші контейнерде тұратын тағы бір жұмысшының қайтыс болғаны белгілі болған. Бұл туралы марқұмның отбасына бірнеше сағаттан соң бірақ айтқан. Ол кезде полиция әлі келмеген.
Осы заңсыздықтың бәрін көрген ер адам зардап шеккендерге неге дер кезінде көмек көрсетілмеген, егер көрсетілгенде оларды аман алып қалуға болар еді ғой деп ойлайды.
Облыстық бақылау департаменті 3 ақпанда орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімі тергеуді бастап, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.
Қызылорда облысының полиция департаментінің мәліметінше,

3 ақпан күні Арысқұм кенішінде "Саутс-ойл" компаниясында болған әкемнің өліміне байланысты төмендегі жағдайды баяндағым келеді. Менің әкем "КазСПЕКТР Строй мекемесінде көлік жүргізушісі болып жұмыс істеді. Бұл шымкенттік "Саутс-ойлға" субподрядчик . Менің әкем мұнай тасымалдаушы болып жұмыс атқарып жүрген. Екінші ақпан күні жұмыс уақыты аяқталып, қайту керек болады. Түске дейін қайтатын, көлік келгенше тағы бір рейс мұнай тасымалдауға тапсырма беріледі.Содан мұнайды тиісті орнына апарып келіп, көлігін тұраққа қойып қайтуға дайындалады. Басшылық тарапынан жолдың тайғақтығына байланысты қайтуға көлік берілмейтіні айтылады, - делінген мәлімдемеде.
Жүргізушінің ұлы сағат 12:00-де берілетін түскі асқа 6 адам кешігіп барып, 14:30-дар шамасында түскі асты ішкенін айтады. Содан біршама уақыттан соң әкесі жатып қалған.
Сағат түнгі 00:30 шамасында далаға шығып мазасы болмай тұрған әкемді көрген күзетші әкемді ішіп алған екен деп қасына келіп ішпегендігіне көз жеткізеді. Әкем күзетшіге "ішім өртеніп барады" дейді, сол сәтте күзетші медициналық пунктке сілтейді. Мазасы болмай, әлсіреген әкем ішке кіріп жатып қалады. Таңертең, яғни 3 ақпан күні қасындағы жатқан кісі таңғы сағ 5:00 шамасында асқа барайық дегенде, әкем тәбетім жоқ деп, мазасының болмай тұрғанын айтып қалып қойыпты. Ол кісі өзі барып ас ішіп сағат таңғы 7:30-дар шамасында келсе, әкем бақилық болыпты, - дейді ұлы.
Кейін көрші контейнерде тұратын тағы бір жұмысшының қайтыс болғаны белгілі болған. Бұл туралы марқұмның отбасына бірнеше сағаттан соң бірақ айтқан. Ол кезде полиция әлі келмеген.
Жұмысшы 90 пайыз күйіп қалды“: СҚО-да газ құю станциясында баллон жарылды
"Сағат 14:30-да оқиға болған жерге жеттім. Енді барсам басында контейнерде жатқан үшінші адам ауырып жатыр екен. Оған сары чемоданы бар бір медбрат келеді, кетеді. Содан азанда сағат 8-ден бастап қиналып жатқан науқасқа сағат 17:30 шамасында екінші "Нива" көлігі келді. Сонда екінші Нива келмесе мәшинесін бермей ме, бұл адам өмірін қорлау емес пе? Жаңағы ауырған кісіні тәлтіректетіп мінгізіп жіберді. Үшінші адам сағат 21:00 шамасында қалаға ес-түссіз жетіпті, - делінген жазбада.
"Сағат 14:30-да оқиға болған жерге жеттім. Енді барсам басында контейнерде жатқан үшінші адам ауырып жатыр екен. Оған сары чемоданы бар бір медбрат келеді, кетеді. Содан азанда сағат 8-ден бастап қиналып жатқан науқасқа сағат 17:30 шамасында екінші "Нива" көлігі келді. Сонда екінші Нива келмесе мәшинесін бермей ме, бұл адам өмірін қорлау емес пе? Жаңағы ауырған кісіні тәлтіректетіп мінгізіп жіберді. Үшінші адам сағат 21:00 шамасында қалаға ес-түссіз жетіпті, - делінген жазбада.
Осы заңсыздықтың бәрін көрген ер адам зардап шеккендерге неге дер кезінде көмек көрсетілмеген, егер көрсетілгенде оларды аман алып қалуға болар еді ғой деп ойлайды.
Неге жедел жәрдем шақырмадыңдар десек, компания келісімге отырмағанын айтты. Бұл не сонда ешқандай еңбек заңдылығы сақталмайтын, жұмысшыларының жағдайына жүрдім-бардым қарайтын компанияны тәртіпке шақыруға келмей ме? Жаңа Қазақстан да құзырлы орындар осындай адам өліміне әкелген әрекеттерге көз жұма қарай береді ме?, - дейді марқұмның ұлы.
Облыстық бақылау департаменті 3 ақпанда орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімі тергеуді бастап, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.
Оқиғаға байланысты Қызылорда облысының бақылау департаменті арнайы тергеу-тексеру комиссиясын құрды, тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, хат авторының "ҚазСпектрСтрой" ЖШС-не қатысты арызының бір бөлігі өз құзыреті шегінде қарау үшін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде тиісті акт шығарылады, - делінген департаменттің жауабында.
Қызылорда облысының полиция департаментінің мәліметінше,
ҚазСпектрСтрой" мердігерлік компаниясының екі қызметкерінің өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 304-бабы "Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тексеру шаралары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, олар белгісіз заттан уланып, жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған, - деп атап өткен ведомство өкілдері.

Тағы да оқыңыздар
Шаруасы шалқыған Шаған
1 509