"Арнайы операцияға қатысыңыз": Алаяқтар адамдарды алдаудың жаңа түрін ойлап тапты
374
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
“КТК” арнасының хабарлауынша, әккілер азаматтарға қоңырау шалып, адамдарды алдап жүрген кредит менеджерлерін ұстауға көмектесуге шақырады. Нәтижесінде азаматтар миллиондаған қаржыларынан айрылып қалуы мүмкін.
48 жастағы Юрий Фоминых күтпеген жерден қарызға белшсенінен батқан. Ер адам 4 миллион теңгеге қалай екі рет несие алғанын да түсінбейді. Енді банкке ай сайын 120 мың теңге төлеуі қажет. Алайда ер адам мұны соманы қалтасы көтермейтінін айтады.
Юрий Фоминыхтың сөзінше, адамдарды алдап жүрген интернет-алаяқтарды ұстауға көмектеспек болған. Қоңырау шалғандар алдымен Ұлттық банк қызметкері ретінде өздерін таныстарған. Кейін "алаяқтарды" ұстау үшін көмек сұраған, ал ер адам бірден келісе кетіпті.
"Олар банк қызметкерін тексерулері керек екенін айтты. Танысты, аты-жөндерін, жеке куәлік нөмірін және байланыс нөмірін берді. Сосын қоңырау шалып көріңіз деп айтты. Мен хабарластым. Енді банк қызметкерлері болған соң, мен туралы мәліметтер бар. Ақпаратты мен емес, олар береді ғой", – дейді Юрий Фоминых.
Алаяқтар қоңырау шалып, өздерін полиция не банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады. Шендері мен лауазымдарын атайды. Кейін адамдарды алдап жүрген кредит менеджерін ұстау үшін арнайы операция жүретінін айтады. Ал алаяқты ұстау үшін азамат несие алып, арнайы есепшотқа аударуы тиіс екен.
Полицейлер таныс емес адамдардың қоңырауына сенуге болмайтынын, оларға несие алып берудің керек емес екенін айтады.
"Ішкі істер органы қызметкерлерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізгеніне қарамастан, азаматтардың сенгіштігі таңдандырады. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында банк қызметкерлері де алданып қалған, әйткенмен олар банктен ешкім қоңырау шалмайтынын біледі. Ал алаяқтар шетелде болғандықтан, оларды ұстау қиынға соғады", – деді СҚО полиция департаментінің аға қызметкері Андрей Акопян.
Психологтың сөзінше, алаяқтар қарапайым тәсілдерді пайдаланып, адамдарды басқарады.
"Әр адамда сену немесе сенбеуге қатысты өзіндік өлшемдері болады. Алаяқ азаматтың білгісі келіп тұрған мәліметті ұсыну арқылы осы өлшемнен өтеді. Яғни оған сене бастайды. Әрі қарай лауазымын айтып адамды басқарады", – деді психолог Дмитрий Агапов.
Психолог ішкі түйсікке сенуге шақырады. Егер күдік пайда болса, сөйлесудің керегі жоқ. Ал полицейлер алаяқтарды жеке кездесуге шақыру керегін айтады. Сонда ғана олардан арылуға болады.