Әйел әпкесінің атына несие ресімдеп, оны пышақтап, артынша өзіне қол салған
Атырау облысында әйел әпкесінің атына жасырын түрде онлайн-несие ресімдеп, артынша оны соққыға жыққан. Осыдан соң қаскөй өз-өзіне қол салған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға Құрманғазин ауданы Жалғызапан ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, әпкесінің атына онлайн несие алуға өтініш берген әйел оның үйіне кіріп, пышақтаған да, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Полицейлер күдіктінің денесін бірнеше күннен кейін қараусыз қалған құдықтан тапты.
Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап, әпкесінің қолынан зардап шеккен әйелдің полицияға арыз жазғанын хабарлады.