Алаяқтық жасағаны үшін сотталған экс-әкім босатылды

277
Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Ақтөбе қаласы Алматы ауданының бұрынғы әкімінің үкімге апелляциялық шағымын қарады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Осыған дейін бұрынғы әкім “Алаяқтық” бабымен үш жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланды. Абат Көбеновтың жазасы жеңілдетіліп, босатылды.

Бұрынғы әкім Абат Көбенов пен оның қорғаушысы апелляциялық шағымда бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтініш білдірді.

Қорғаушы сотталушының өз кінәсін толық мойындағанын және өкінгенін, залалды өтегенін, сондай-ақ оның асырауында қарт анасы, үш баласы бар екенін, олардың біреуі созылмалы психикалық аурумен ауыратынын атап өтті.

Апелляциялық сотта сотқа дейінгі тергеу мен бірінші сатыдағы сот заң бұзушылықсыз өткені анықталды. Көбенов сотталған баптың санкциясы бас бостандығынан айырудан басқа, ұрланған мүлік сомасының жиырма есесін айыппұл түрінде өтеу жазасы қарастырады. Қорғаудың дәлелдерін тыңдап, жеңілдететін жағдайларды ескере отырып, сот алқасы сотталушының апелляциялық шағымын қанағаттандыру және айыппұлға бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту туралы шешім қабылдады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.