Қателескен жүргізуші басқа адаммен жанжал шығарған

1 510

Фото: Видеодан скринСемейде “102” арнасына жолда жүргізушілер арасында жанжал туғаны туралы хабар келіп түскен. Полиция оқиға орнына дереу жетіп, жағдайдың мән-жайын анықтаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

41 жастағы жүргізуші мен оның 70 жастағы жолаушысы жол қозғалысының басқа қатысушысын басқа адаммен шатастырып алған. Салдарынан олардың арасында жанжал туған. 37 жастағы ер адамның ұлдары әкесінің қауіпсіздігіне алаңдап, полицияға хабарласқан.

Полиция жанжалға қатысушылардың барлығын ұстап, жағдайдың одан әрі ушығуының алдын алған. 

“Жәбірленуші тарап арыз жазудан бас тартты. Бірақ Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деп хабарлады Аба облысының полиция департаменті.

Материал сотқа жолданған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.