«Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің комиссия отырысы өтті

1 540

Облыс әкімдігіОблыс әкімінің орынбасары Ш. Баймановтың төрағалығымен «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын анықтау бойынша комиссия отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының негізгі мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды үлгісін халық арасында кеңінен насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.


Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.


Ағымдағы жылы байқауға өңірімізден 256 отбасы өтінім білдірген. Жалпы өтінім білдірген отбасылардың ішінен қала және аудан бойынша іріктелген 16 отбасы облыстық кезеңге өтті.


Облыстық кезеңде комиссия мүшелері отбасы құндылықтарымен ерекшеленген 10 отбасыны іріктеп, оларға жүлделі орындар мен номинациялар тағайындады. Бас жүлдеге ие болған отбасының құжаттары ІІІ кезең, яғни республикалық кезеңге жолданатын болады.


Облыстық кезеңнің жеңімпаз отбасыларын салтанатты марапаттау шарасы тамыз айының соңында өтеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.