Қапшағайда жағалау маңынан пайдаланылған шприцтер мен инелер табылды

455

Фото: polisia.kzҚапшағай тұрғындары су қоймасының жағасынан пайдаланылған шприцтер мен инелерді тауып алды. Дегенмен денсаулық сақтау басқармасы бұл қалдықтардың жергілікті ауруханаға тиесілі емес екендігін хабарлады.

Шприцтер мен инелердің шашылып жатқаны жайлы мәлімет жергілікті тұрғындардың бірінің Instagram парақшасында пайда болған.

Оның сөзінше, адамдар қалдықты Шығыс шағын ауданындағы жағалау аймағынан тапқан. 
"Мұның бәрі суға тасталған. Маңайда жасөспірімдер болды. Мен оларға суға түспеу керектігін, медициналық қалдықтарға қол тигізбеу керектігін түсіндірдім. Өйткені бұл тек олар үшін емес, бүкіл қала үшін қауіпті", - дейді әйел. 

Ал пікір қалдыраушылар қалдықтар Қапшағай қалалық ауруханасына тиесілі деп топшылаған. Осы ретте аурухана әкімшілігі Instagram парақшасында мәлімдеме жасады. 
"Әлеуметтік желілерде жарияланған медициналық өнімдердің біздің медициналық мекемемізге еш қатысы жоқ", - дейді қалалық аурухана. 

Бұған қатысты Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы да пікір білдірді.
 "Қала мен ауылдық округтегі барлық медициналық мекемелер бақылауда. Ай сайын медициналық мекемелер басшылыққа медициналық қалдықтарды жою туралы есептер ұсынады. Медициналық қалдықтар арнайы контейнерлерге жиналады және сол ыдыста жою орнына жеткізіледі.

Міндетті түрде құжаттама жасалып, онда қалдықтардың саны көрсетіледі және ол медициналық қалдықтарды қабылдайтын ұйыммен расталады. Медициналық қалдықтарды медициналық мекемелерде 3 күннен артық сақтауға болмайды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.