Жұмысынан айырылған қазақстандықтар әлеуметтік төлемді қалай ала алады?

1 536

Фото: Kazlenta.ruҚазақстанда жұмысынан айырылған тұрғындарға МӘСҚ қаражаты есебінен жоғалған табыстың 45%-ына дейінгі мөлшерде төлем беріледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.


Жұмыстан босатылған қызметкер төлем алуы үшін:

  • eGov.kz порталындағы жеке деректі авторизациялау қажет;
  • "жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметін таңдау керек;
  • барлық жолды толтырып, онлайн қызметке тапсырыс беру және өтінімді ЭЦҚ-ға қол қою арқылы жіберу керек;
  • бір күнде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы (бұдан әрі – КО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

егер жұмыс табылмаса, 3 күнде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен КО қызметкері хабарласады).

Бұл қызметті онлайн режимде электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.


Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі ұялы телефонға МӘСҚ-дан төлемді тағайындау жөніндегі қызметті проактивті форматта көрсетуге келісуге SMS-хабарлама жібереді.


Келісім болған жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады. МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жұмыстан босату себептеріне қарамастан жүзеге асырылады. Бұл жұмыссыз адамды жұмыс іздеп жүрген кезінде қолдауға арналған.