140 отбасы сегіз жылдан бері баспанасын күтіп жүр

1 504

Фото: ©скриншот Осы уақыт ішінде сан мәрте уәде берілгенімен, тұрғын үй кешенінің құрылысы әлі күнге дейін басталмаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі zhasalash.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысының Қосшы қаласында үлескерлер тағы да наразылыққа шыққан. Олар 8 жылдан бері уәде етілген Diamond Park тұрғын үй кешенінен пәтерлерін ала алмай жүргендерін айтқанОсы уақыт ішінде сан мәрте уәде берілгенімен, тұрғын үй кешенінің құрылысы әлі күнге дейін басталмаған. Сондықтан олар енді шенеуніктердің кезекті уәдесіне сенбейтіндерін жеткізген.
2023 жылы сот құрылыс компаниясының басшысын алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныған. Алайда сот үкімі заңды күшіне енгенімен, зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру мәселесі әлі шешілмеген.
Halyqstan телеграм арнасының хабарлауынша, өткен жылы үлескерлерге пәтер кілттері 2026 жылы Қала күніне орай табысталады деп уәде берілген. Бірақ бүгінде болашақ тұрғын үйдің орнында құрылыс жұмыстарының ізі де жоқ. Зардап шеккендердің арасында зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналар бар. Кейбірі болашақ пәтерді сатып алу үшін жалғыз баспанасын сатып жіберген. Қазір олар жалдамалы пәтерде немесе туыстарының үйінде тұрып, әлі салынбаған пәтер үшін несие төлеуге мәжбүр.

Қосшы қаласы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта аяқталмай қалған тұрғын үйдің құрылысын аяқтайтын әлеуетті инвесторды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.