Ойын - сауық орталығындағы болған өрттен 11 адам жарақат алды

1 510

Фото: ©Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Семей қаласындағы ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін медициналық көмекке жүгінгендер саны 11 адамға дейін артты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агаенттігі  Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

2026 жылғы 3 наурызда сағат 19:10-да «102» арнасына Абай облысы Семей қаласында орналасқан «Бала Парк» балалар ойын-сауық орталығында өрт шығуы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел әрекет ету қызметтерінің өкілдері жетті. Қазіргі уақытта келушілер мен орталық қызметкерлері эвакуациялануда. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аумақ қоршауға алынды, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің біршамасы ауруханаға жатқызылған. Бір бала «Семей медицина университеті» КеАҚ университеттік госпиталінің балалар бөлімінде ем қабылдап жатыр. Тағы үш бала дәрігерлік тексеруден кейін амбулаторлық емге жіберілген.

Ересектер арасында медициналық көмекке жеті адам жүгінді. Олардың төртеуі университеттік нефрология орталығына жатқызылды. Екі адам тексерістен кейін оқиға орнында қалған, ал бір адам медициналық тексеруден бас тартқан.