Шымкент балабақшалары бүлдіршіндерді тойып тамақтандырмаған
460
Шымкент балабақшаларында түскі аста берілуі керек тағамдар қажетті мөлшерде ұсынылмаған. Сарапшылар балық, тауық, көкөністер сияқты өнімдердің балабақша мәзірінде тіпті жоқ екенін айтады және бұның бағаның қыматтауына да қатысты үнемдеудің салдарынан екенін жеткізді. Қалалық прокуратура қызметкерлері нормаға сай емес тамақтандыратын балабақшаларды анықтады, деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Сарапшылар қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты мәзірдегі кей өнімдерді үнемделетінін мойындайды. Алайда тек өнім түрлерінен бөлек, түскі ас мөлшерін де үнемдеп аз беретіні белгілі болды.Шымкент полиция қызметкері баланың дамып, жетілуіне көмектесетін өнімдері жоқ 67 балабақшаны анықтаған.
“Кейбір балабақшаларда құс еті мен балық есепке алынбаған. Бір жерде балық пен тауық еті екі аптада бір рет беріледі. Ал оның негізгі нормасы аптасына бір рет берілуі керек болған. Кейбірінде тіпті сүзбе мен жұмыртқа болған жоқ. Ал кейбіреулерінде көкөніс салаттарын аптасына бір рет беру керек, ал олар екі аптада бір рет ұсынады”,- деді Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық прокуратурасының прокуроры Нұркен Мұсаев.