Автосалон арқылы көлігін сатпақ болған бірнеше адам алданып қалған

1 510

Фото: ©ЖИ арқылыАлматы облысында автосалон арқылы көлігін сатпақ болған 30-дан астам адам алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, полицияға жаппай шағымданған ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Жәбірленушілердің айтуынша, автосалон қызметкерлері көлікті 14 күн ішінде сатып, ақшасын толық береміз деп уәде еткен. Бірақ көліктер өз атына рәсімделгеннен кейін орталық өкілдері байланысқа шықпай қалған. Зардап шеккендердің сөзінше, кейбір көліктер ломбардқа кепілге қойылған, енді бірі бірнеше адамның қолына өтіп кеткен. Соның салдарынан көлік иелері не темір тұлпарынан, не оның ақшасынан қағылған Қазір автосалон кеңсесі жұмыс істемейді, ал компания басшысының қайда екені белгісіз. Байланыс нөмірлері де жауап бермеген.

Қарасай аудандық полициясына ондаған адам арыз түсірген. Олар автосалон қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғап, келтірілген шығынды толық өндіріп беруді талап еткен. Әзірге құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты ресми түсініктеме бермеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.