“Менің кім екенімді білесің бе”: ауыл әкімі әдепсіз сөздер айтып, ішімдік сұраған

1 525

Қостанай облысындағы ауылдардың бірінің әкімі дүкендегі сатушыға неліктен айқайлағанын түсіндірді,-деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі.

Оқиға Қостанай облысының Новоилиновский ауылдық округінде болды. Ауылдық округ әкімі Мақаш Таймасов жергілікті дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол әдепсіз сөздер айтып, сағат 23:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға тыйым салынғанына қарамастан, өзіне спирттік ішімдік сатуды сұраған.

Мемлекеттік қызметкер Қостанайдағы әдеп жөніндегі кеңес алдына шықты.

"Сатушы менің өтініштеріме дөрекі жауап берді, содан кейін мен эмоциямды ұстай алмай әдепсіз сөздер айттым. Оған қоса, көлікте әйеліммен ұрсысып қалған едім. Қатты ашуға беріліп, эмоциямды ұстай алмадым, іс-әрекетіме өкінемін", – деп түсіндірді этикалық кеңесте шенеунік.


Әдеп жөніндегі кеңес ауыл әкімінің сөзінен кейін оны қызметінен босатуға бірауыздан дауыс берді.

"Әдеп жөніндегі кеңес Новоилинов ауылдық округінің әкіміне әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін қызметтен босату түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдайды. Өкілетті тұлғаның Бейімбет Майлин ауданының этикалық нормаларына сай емес әрекет жасағанын атап өткіміз келеді", – деп түйіндеді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Ерлан Салықбаев.