3 айлық қыздың өлімінен кейін қазақстандықтар Ажар Ғиниятты отставкаға кетуін талап етті
286
Жамбыл облысындағы 3 айлық қыздың өлімінен кейін заңгер Ажар Ғиниятқа шүйлікті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Алматылық заңгер Анна Чернова Жамбыл облысында үш айлық қыздың шетінегенінен кейін министрдің отставкаға кетуін талап етті.
Instagram парақшасында заңгердің пікірін көптеген қазақстандықтарды қолдаған.
Алматылық заңгер Анна Чернова Жамбыл облысында үш айлық қыздың шетінегенінен кейін министрдің отставкаға кетуін талап етті.
Біздің ұлттық қауіпсіздігімізге дәрігерлердің кесірінен қатер төніп тұр. Отставкаға кетіңіз! Сіз өз реформаларыңызбен біздің халықты соғыссыз және әлемдік пандемиясыз-ақ қырасыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Денсаулық сақтау министрін орнынан алыңыз! Күн сайын балаларымыз – болашағымыз өліп жатыр! Дәрігерлердің қолынан өліп жатқан қазақстандықтарға кім көмектеседі?! Қазақстандықтардың қырылуын тоқтатыңыз!, - деп жазды заңгер әлеуметтік желілерде.
Мен бұл істі объективті түрде тергеуді талап етемін. Сотқа дейінгі тергеу әдеттегідей созбаққа салынып, кінәлілер тағы да жазадан сытылып кетпеуі керек. Сіз тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту статистикасын көрдіңіз бе?! 5 жыл ішінде 83 адамның 27-сі жауапқа тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жазасыз қалған. Менің ойымша, бұл кәдімгі геноцид. Адамдар өліп жатыр және ол үшін ешкім жауап бермейді. Біз өз елімізде қалай қорықпай емделе аламыз?! Медицинамызды ретке келтіруді тағы қанша адам өтінуі керек? Неліктен сіздер халықтың үнін естігілеріңіз келмейді?,- деді заңгер.
Instagram парақшасында заңгердің пікірін көптеген қазақстандықтарды қолдаған.