5-сынып оқушысы буллингке ұшырады: тексеру басталды
Петропавлда 5-сынып оқушысының әкесі ұлының бірнеше жылдан бері сыныптастары тарапынан буллингке ұшырап жүргенін айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Баланың сөзінше, оқушылар оны артық салмағына байланысты мазақтап, жылатып, қол көтерген.
Оқиғадан кейін №10 мектепке ювеналды полиция келіп, білім бөлімі қызметтік тексеру бастады. Психологтар балалармен сөйлесіп, жанжалға қатысушыларды әртүрлі сыныптарға бөлді.
Балалардың жасы 12-ге толмағандықтан, оларды жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған.
Әкесі қазір мектеп пен мемлекеттік органдардың әрекетіне шағымы жоқ екенін айтты. Алайда буллингтің толық тоқтағаны әзірге белгісіз.
Қаз
Рус






