"Жағдайы төмен отбасыдан шыққан балалар қауіпті": Депутат балаларға чип салуды ұсынды

522

Павлодарлық мәслихат депутаты Гүлжайна Даримова жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларды қауіпті санап, оларға чип орнатуды ұсынды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оның айтуынша, чип болса учаскелік полицейлер балалардың үйде бар-жоғын тексере алады.


"Тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды кешкі уақытта тексеру керек немесе чип қою керек. Өйткені, көп жағдайда түнгі мезгілде олардың қайда екенін білмейміз. Тіпті, мен олардың денесіне чипті тігіп қоюды ұсынар едім", – деп мәлімдеді депутат әлеуметтік желіде.


Депутат бұл балаларды қоғамға қауіпті деп, кейін түрмеде жазасын өтеп шыққан адамдармен салыстырды.



"Менің ойымша, бұл балаларды да есепке қойып, кеш сайын қайда екендіктерін біліп отыру керек. Тексеріс кезінде үйінде болмаса, бірден оларды интернатқа немесе арнайы орталыққа жіберу керек. Жағдайы төмен отбасыдан шыққандар біздің балаларымыз үшін қауіпті. Не үшін олар көшеде емін-еркін жүруі тиіс? Үйінде отырсын. Фильм көрсін. Кітап оқысын. Ата-аналарынан тәрбие алсын", – деді Гүлжайна Даримова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.