Колледжде зорлық жасағаны үшін сотталған адамдар жұмыс істеген

1 611

фото: Getty imagesАқмола облысының колледждерін тексеру барысында білім беру сапасын қамтамасыз ету, санитарлық бақылау, өрт қауіпсіздігі, күзет, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларда 200-ден астам талаптар бұзылғандығы анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"2 колледжде бұрын зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған адамдар жұмыс істеген. Басқа колледжде жұмысшылар жұмыс орнында ішімдік ішкен. Аталған адамдар қабылданған шаралармен жұмыстан шығарылды", – делінген прокуратура хабарламасында.


Бірқатар оқу орындарында медицина қызметкерлерінің қызмет көрсетуге лицензиясы болмай шықты.


Сондай-ақ, студенттердің арасында жүйелі түрде қорқыту фактілері анықталды. Аталған дерекке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.