Инкассатор көлігі жанып кетті

304

Ақтауда екінші деңгейлі банктердің біріне тиесілі инкассатор көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі
Оқиға бүгін таңғы уақытта болды.

«5 қазан күні, сағат 07:22 шамасында Ақтау қаласының 9-шағынауданындағы «HALYK BANK« ғимараты жанында орналасқан автотұрақта «ГАЗель» маркалы инкассатор көлігі жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Өрт 07:37-де сөндірілді», - делінген баспасөз мәліметінде.

Зардап шеккендер жоқ.


Өртті сөндіруге 7 маман мен 1 техника жұмылдырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.