Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азая бастады

417
Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте тағы 1809 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласы – 242
 Алматы қаласы - 585 
Шымкент қаласы – 30
 Ақмола облысы - 60 
Ақтөбе облысы - 153 
Алматы облысы - 278 
Атырау облысы – 64
Шығыс Қазақстан облысы – 23
 Жамбыл облысы – 28
 Батыс Қазақстан облысы – 101
 Қарағанды облысы – 90
Қостанай облысы – 34
 Қызылорда облысы - 39 
Маңғыстау облысы – 11
 Павлодар облысы - 31 
Солтүстік Қазақстан облысы - 24 
Түркістан облысы - 16. 
Сонымен қатар өткен тәулікте елімізде 1122 адам коронавирус індеттен жазылып шыққан. 

Қазір Қазақстанда 28 333 адам короновирустан емделуде, олардың ішінде 10 243 пациент стационарда, 18 090 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
 
456 адамның жағдайы ауыр, 132 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 4 сәуірдегі мәлімет бойынша 7 жаңа жағдай тіркелген, 7 жағдай өліммен аяқталған, 171 адам жазылып шыққан.

Қазір Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстары коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр. 

"Сары" аймақта Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы орналасқан.
 
Еліміздің қалған барлық өңірі - "жасыл" аймақта.