Перзентханалардың бірінде нәресте сатылған

1 394

Фото: pixabay.comАқтөбе облысының полицейлері облыстағы перзентханалардың бірінде жаңа туған нәрестені сату оқиғасын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы тергеу жүріп жатқанын алға тартып, бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермеді.

"Ақтөбе облысының полицейлері жаңа туған нәрестені перзентханада сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайлар мен қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасады", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Елімізде бала саудасы үшін 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.