Қазақстандықтардың ақылы жолдарға берешегі 5 млрд теңгеден асты
187
Ақылы жолға қарыздар қазақстандықтарға кейбір жолдармен жүруге шектеу қойылмақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бахтияр айтты
Министрлік өкілінің сөзінше, қазақстандықтардың ақылы жолдар бойынша 5 млрд теңгеден астам қарызы бар.
Оның айтуынша, қазір елімізде 2,2 мың шақырым ақылы жол бар. Жыл басынан ақылы жолдан 20 млрд теңге табыс түсті. Жиналған қаражат жолдарды күтіп ұстау мен жөндеуге жұмсалады.
Бұл туралы ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бахтияр айтты
Министрлік өкілінің сөзінше, қазақстандықтардың ақылы жолдар бойынша 5 млрд теңгеден астам қарызы бар.
«Аталған сома өткен жылдың 23 қарашасынан бастап, биыл 1 желтоқсан аралығында жиналды. Көлік иелері ақылы жолдар бойынша қарызын белгіленген уақытта төлеуі тиіс. Мысалы, көлік иесінің 300 мың теңге қарызы болса, ол берешегін кестеге сай 2 жыл көлемінде төлейді», - деді Жамбыл Бахтияр.
Оның айтуынша, қазір елімізде 2,2 мың шақырым ақылы жол бар. Жыл басынан ақылы жолдан 20 млрд теңге табыс түсті. Жиналған қаражат жолдарды күтіп ұстау мен жөндеуге жұмсалады.
«Биылға жоспарланған жаңа ақылы жолдарды енгізу кейінге қалдырылды. Себебі тұрғындар абоненттік төлемді алып тастауды сұрап отыр. Сондай-ақ, 2 санаттағы автомобиль жолдарын ақылы етуге келсек. Бұл мәселе халықтың оң келісімінен кейін ғана шешіледі. Дегенмен біз ақылы жолдардан бас тарта алмаймыз. Жалпы 15 желтоқсаннан бастап елімізде жаңа абоненттік төлем жүйесі енгізіледі. Ол бойынша ақылы жолдар екі түрге бөлінеді. Бірінші, жабық жүйе. Яғни «Астана-Щучинск», «Қарағанды- Астана», «Алматы-Қапшағай» тасжолдары бойынша қарызы бар көлік иелері берешегін өтегеннен кейін ғана жүре алады. Екінші ашық жүйе. Ол бойынша көлік иесі төлемеген жағдайда қарызы жинала береді», - дейді ол.