Афины маңындағы орман үш күннен бері өртеніп жатыр

336
Афиныдан солтүстік-батысқа қарай үш күн бұрын табиғи өрт шықты және әлі сөнген жоқ. Қарағайлы орманның үлкен учаскелері жойылды. Сондай-ақ, Грекия астанасынан шамамен 60 км қашықтықта Вилия аймағында тағы бір үлкен өрт ошағы пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

Бірнеше ғимарат зардап шекті. Өрттен шыққан түтіннен Акрополь "жабылып қалды", тіпті аймақта күн көрінбейді. Бұл туралы 18 тамызда "Русские Афины" басылымы жазды.

TourDom.ru куәгерлерден Грекия астанасының 19 тамыздағы жағдайын, сондай-ақ тұрғындар мен қонақтар өрт салдарынан жайсыздықты сезіне ме - соны сұрады.


Афинада тұратын marina_athens_art лақап атымен танымал Instagram-дағы блогердің айтуынша, қазір жағдай жақсарып келеді.


"Өрттің үлкен ошақтары сөндірілді. Аздап күл бар, бірақ қорқынышты емес. Барлық жер жұмыс істейді", - деді ол.
Марина сөзін растау үшін Афины шетіндегі Варкиза жағажайынан суреттер мен видео жіберді. Кадрға қарағанда қазір аспан ашық. Күн шығып тұр. Адамдар күнге күйініп, демалып жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.