Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйге жаңа талаптар бекітілді

1 509

Фото: ©info.homsters.kzҚазақстанда жалға алынған баспананың 50%-ын мемлекет өтейтін бағдарлама ережелері өзгертілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалға алу ақысын субсидиялау деген не? Бұл бағдарлама 2022 жылдан бері жұмыс істейді. Мемлекет қатысушының жалдау ақысының 50%-ын төлейді. Тұрғын үйдің ауданы мен жалдау ақысына шектеулер бар.

Табыс мөлшері 1 адамға шаққанда күнкөріс минимумынан аспауы тиіс. 2026 жылы 50 851 теңге. 5 адамнан тұратын отбасы үшін шекті табыс - айына 254,2 мың теңге. Жыл сайын шамамен 10 мың отбасы осы көмекті алады. Бағдарламаның операторы - “Отбасы банк”. Үшжақты келісім жасалады: банк, жалға алушы және үй иесі арасында. Өтінішті кез келген уақытта otbasybank.kz арқылы беруге болады.

Субсидияны келесі санаттағы азаматтар ала алады:

- көпбалалы отбасылар;

- жетім балалар;

- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;

- мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар.

Не өзгерді?

1. Барлығы цифрлық форматқа көшеді

Енді өтініш беру мен тексеру толық онлайн жүргізіледі:

- өтініштер онлайн тапсырылады;

- мәліметтер мемлекеттік базалар арқылы автоматты тексеріледі;

- барлық әрекет жүйеде тіркеледі.

2. Тексерулер тұрақты болады

Әкімдіктер әр тоқсан сайын тексеріс жүргізе алады:

субсидия алушы сол мекенжайда шынымен тұра ма;

- бөтен адамдар жоқ па;

- пәтер заңсыз қайта жалға берілмеген бе?

3. Бұзушылықтарға қатаң мерзім енгізілді

Егер пәтерде бөгде адам тұрып жатса, 3 күн ішінде жағдайды түзету қажет.

Егер талап орындалмаса немесе қайта бұзылса:

- субсидия тоқтатылады;

- қайта қалпына келтіру мүмкін болмайды.

4. Туыстардан жалға алуға тыйым сақталады

Бұрынғыдай туыстардан (соның ішінде бұрынғы жұбайлардан) үй жалдауға болмайды.

Енді бұл талапты бұзғандарға жаза да күшейтілді:

- субсидия толық тоқтатылады;

- қайта алу мүмкіндігі берілмейді.

Бұл өзгерістер 12-ші шілдеден бастап күшіне енеді.