Egov-тағы электронды құжатыңызда қате кетсе, өзіңіз түзете аласыз
Мәліметтерді түзетудің сегіз сервисі eGov.kz электронды үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сервистер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіндегі қате деректерді өзектендіруге және болашақта мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуға мүмкіндік береді. Отбасы (неке, туу, некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту, қайтыс болу), вакцинация паспортындағы аймақ, көлік құралдарының қате мәліметтері туралы, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі және әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіріп және дұрыс емес деректер анықталған жағдайда өз мәліметін түзетуге болады.
Заңды тұлғаның және жылжымайтын мүлік объектілерінің атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтер де өзектендіруге жатады.
Сондай-ақ, білім туралы мәліметтерді түзетуге, атап айтқанда, ЖОО дипломдары мен ТжКБ, аттестат деректерін өзектендіруге мүмкіндік бар.