Қазақстанда қаржы пирамидасының белгілеріне ұқсас тағы бір ұйым анықталды

272

Фото:turkystan.kzҚМА БҚО бойынша департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі   Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ведомствоның мәліметіне сәйкес, WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы азаматтардың қаражатын тарта отырып, «BINCLOUD» қаржы пирамидасы ұйымдастырылғаны анықталды.

«BINCLOUD» бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады.
Сонымен қатар, клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады.
Егер сіз
 «BINCLOUD» бағдарламасына қатысып, зардап шексеңіз, ҚМА аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.