Полицей қызметтік көлігімен қағып кеткен әйел көз жұмды

279

Фото: polisia.kzАлматыда полицей жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 тамыз күні Жансүгіров көшесінде болған.

«Полицияның қызметтік көлігін тізгіндеген 1993 жылғы азамат – патрульдік полиция полкінің қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылыста 49 жастағы әйелді қағып кетті. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында көз жұмды. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Қазір полиция қызметкері уақытша ұстау абақтысына жабылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.