9 қабаттан секірмек болған қызды полицейлер құтқарып қалды
Балқашта полиция қызметкерлері 9 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
13 наурыз күні сағат 19:30 шамасында Балқаш қалалық полиция бөліміне қаладағы көпқабатты үйдің шатырынан бір қыз секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түсті. Аталған ақпарат бірден патрульдік полиция жасағына берілді. Оқиға орнына бірден сол маңға жақын жерде қызмет атқарып жүрген инспекторлар Ұлан Несіпбай мен Танат Берікұлы барды.
Құтқарылған 21 жастағы қыз осыдан үш күн бұрын өзге өңірге жұмысқа кеткен жігітімен телефон арқылы ұрсысып қалған. Осы ұрыстан кейін жігіт бойжеткенмен байланысқа шықпаған. Осыған қатты күйзелген қыз 9 қабатты үйдің төбесіне шығып, онда оны тәртіп сақшылары құтқарып қалғанша отырғаны белгілі болды.