Мұғалімге тіл тигізген оқушының ата-анасына айыппұл салынды

274

Павлодар мектебінің мұғалімі әлеуметтік желіде оның намысына тиетін сөздер жазған оқушыға шағымданды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, мектеп мұғалімі полицияға арызбен жүгінді. Ол өзін балағаттаған шәкіртіне шағымданды. Оқушының балағат сөздерін сыныптастары да көрген.
Оқушының мұндай әрекеті үшін ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 435 бабы (Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тілдеген оқушының ата-анасына 7 АЕК, яғни 21 мың теңге  айыппұл салынды.

Материал Павлодар облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, биыл өңірде 33 кәмелет жасқа толмағандар құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды өкілімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.