17 МИЛЛИАРД: БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫ ИЕГЕРЕ АЛМАҒАНДАР ІШІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДА БАР

1 811
Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев үкімет отырысында  бірқатар министрліктер мен әкімдіктер жыл басынан бері 17 миллиард теңге игерілмегенін айтты,- деп хабарлайдый «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев үкімет отырысында  бірқатар министрліктер мен әкімдіктер жыл басынан бері 17 миллиард теңге игерілмегенін айтты,- деп хабарлайдый «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Жамаубаев мемлекеттік бюджет шығыстары  бойынша: «1 қазандағы жағдайда оларға 1 триллион 525 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде  99,5% игерілді,  7 млрд теңге орындалмады, оның ішінде үнемдеу - 3 млрд теңге, 4 млрд теңге игерілмеді. Ең үлкен дамымау  Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда және Жамбыл облыстарында», - деп қорытындылады. 


Расында спорт денсаулық, әділет  салалары бойынша игерілмеген қаржыны «үнемшілдік» деп ойлаған біздің жергілікті билік мемлекет қазынасына қайтаруды жөн санайды. Ал қара халық көмек сұрап барса, «оған қаржы қарастырылмаған»,  «біздің бюджетте ақша жоқ» деген облыстық әкімшіліктің былығы әшкере болғандай. Берілген қаржыны игере алмау дегеніңіз, өз ісіңізге не шорқақтық, не немқұрайлылықтың белгісі деп түсінуге болады. «Қаражат жоқ», деп қақсағанша халықтың жағдайын жасаған дұрыс болар еді. Бұл деген екі бейресми ақпарат бойынша екі бірдей басқармасының басшысы парамен ұсталып қамауда жатқан облыс әкімі   Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызының ісіне сын.


Осы тұрғыда әлеуметтік желіде: «Санасына бермейді ғой. Облыс басқару оңай емес. Шамасына қарау керек. Кейін кері кетіп жатыр», «Масқара», «Халықтың қажеттілігіне қаржы жоқ, бірақ берген қаржы  игерілмейді...»  сынды түрлі пікір-талас орын алуда. 


Расын да, мүгедектер барса - қаржы жоқ, көпбалалы барса - қарастырылмаған, ауылдағылар газ бен жол сұраса - өз кезегінше қаржыландырылады десе, енді бір әкімшіліктер: «біз осы мәселе бойынша қаржы сұрастырып жатырмыз мемлекеттен» деген жауаптарды көп естиміз. Айналайындар-ау, сонда сіздер өткізіп отырған жиналыс, есеп дегендер қайда? Қашан хабарлассақ жиналыста, есеспке кетті, іс-сапар да дейді сонда оның бәрі жәй әшейін қаңқу әңгіме болғаны ма? Осы орайда, билік басындағылар халық арасына шығып бой түзесе етене жақын барып, хәл сұрасса қаржы да қайтырылмас еді. Халық та жыламас еді. Қыруар қаржының басына су құйған әкімдіктің айтар уәжі бар ма екен? 


Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша әкім орынбасары  Ахмет Серік Әбжәліұлы бастаған сала жемқорлықтан алғы шекте тұр, басқарған - 4 басқарма  басшысының екеуі тұтылды. Облыстың саяси ахуалының нашарлағаны соншалықты, қаламыздың зиялы қауымдары да  әлеуметтік желіге жан айқайларын жазуы толастар емес. Есігіңізден кіре алмаған халық, мәселесі шешілмеген жер даулары, естілмеген Арал халқыда орынбасарларыңыздың қате саясатының құрбандары болып отырғандығы байқалады.  


Осы орайда, қаламыздың өркендеп, өсуіне ықпал ететін  әкімшілік тарапынан облысаралық қатынас жасауына қандай себеппен шектеулер қойылуда?  Неліктен біздің қаламыз ілгері жылжымай артқа шегінуде? Оған дәлел, Халықаралық дәрежедегі «Қорқыт Ата» әуежайынан ұшақтар неге  Алматы мен Нұр-Сұлтанға ғана ұшырылады?!  Өз уақытында облысымызға басшылық еткен  Қ.Көшербаевтың Ресей мемлекетінің жоғарғы орындарымен жасаған меморандумдарының негізінде мыңдаған түлектеріміз Ресейде білім алған болатын. Бүгінгі таңда тек Ресей ғана емес, вахталық қызмет жасайтын мұнайшылардыңда қатынауында бірқатар қиыншылықтар туындады. Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Орал секілді қалаларға бізден шығар бірде-бір рейс жоқ. Қалааралық қатынас жолы болмаған жерде, халықаралық дәрежені айтудың да қажеті жоқ секілді. Бір жыл ішінде игерілмеген қаржыны қайтарған «Ханның қызына» халық наразылығы жаңбырша жауып жатыр. Тасқа таңба басқандай  қаржы министрінің жариялаған сөзі Қызылордалықтардың үмітін өшіргендей.
 
 
редактор,
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ