Әкімдіктердің тиімсіз жұмысының нәтижесі азық-түлік бағасының қымбаттауына әкеп соқтыруда
193
Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік бағасының өсуіне әкімдер кінәлі екенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мәселені Премьер-министр Әлихан Смайылов та қозғады.
Тауарлар бойынша бөлетін болсақ, жыл басынан бері бағасы ең қатты өскен азық-түлік түрлері келесідей. Пияз 22,5%, күріш 5,2%, қырыққабат 4,1%, сүт пен сәбіз 3,1%, картоп 3% қымбаттады. Баға Маңғыстау мен Ұлытау облыстарында және Астанада шарықтаған, - деді вице-министр.
Бұл мәселені Премьер-министр Әлихан Смайылов та қозғады.
Әкімдіктерге бағаны ұстау үшін қажетті тетіктердің барлығын бердік. Қаржы да бөлінді. Бірақ баға бәрібір өсіп жатыр. Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырған жоқпыз. Аталған мәселеге салғырт қараудың салдарынан бағаның өсуі тоқтайтын емес, - деді ол.