Елбасы туралы конституциялық заңның күшi жойылып, сайт атауы өзгерді

154
Елбасы туралы конституциялық заңның күшi жойылып, Назарбаевтың ресми сайтының атауы өзгерді, деп хабарайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" заңға қол қойды.

Былтыр парламенттің екі палатасы да заңның күші жойылды деп тануға дауыс берген болатын. 2022 жылдың маусымында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Оны өткізілген референдум қорытындысы бойынша азаматтар қолдады.

Өзгерістер арасында Нұрсұлтан Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелерін бірқатар артықшылық пен кепілдіктен айыру да болды. Енді олар бұл артықшылықтардан ресми түрде айырылды.

Конституциялық заңның күші жойылған соң Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтының атауы Nazarbayev.kz болып өзгерді.

Айта кетейік, бұған дейін сайт атауы Elbasy.kz болған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.