Қазақтар «Челсидің» фотографына ренжіп жатыр

1 392

Фото: Видеодан скриншотАғылшынның «Челси» футбол клубы әлеуметтік желідегі парақшасына Алматы қаласының фотоларын жүктеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қала орталығындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ іші, метро станциясы, шіркеу, жалаңаш ағаштар мен шыршалар, Қазақстан қонақ үйі сияқты бірнеше обьект футбол командасының парақшасында жарияланған.

Ал, команданың Қазақстандағы оқырмандары суреттердің сапасына көңілі толмай, әртүрлі пікірлер қалдырған.

«Алматының әдемі жерлерін әдейі көрсетпеген бе», «видео сұраса, жақсысын өзіміз жібере салатын едік қой», «мал базарға барасыңдар ма», «айналайын ау, көз алдыңдағы дәу тауды көрмейсің бе?», «Солтүстік Корея сияқты етіп түсіріпті», «мобилографты жұмысынан шығару керек», «мына балларды Көктөбе не Шымбұлаққа апаратындар бар ма?», деп жазған желідегілер.

УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында «Астана» футбол клубы Алматының Орталық стадионында лондондық «Челсиді» қабылдады. Ойын нәтижесінде қазақстандық клуб 1: 3 есебімен жеңіліп қалды.

 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.