Қарағандыда мейрамханада 350 адамға той жасаған шенеунік қызметінен босатылды

335
Қарағанды облысында 350 адам шақырып, қызының ұзату тойын жасаған жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов қызметінен кетті. Бұл туралы өңір әкімдігі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
 
Қарағандыда мейрамханада 350 адамға той жасаған шенеунік қызметінен босатылды 

"Бүгінгі күннен бастап жер қатынастары басқармасының басшысы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы карантинді өрескел бұзуы, яғни пандемия кезінде той шараларын ұйымдастыруына байланысты қызметінен босатылды. Тағы да ескертемін: мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметкердің қызметтік этикасының барлық нормасы бұзылған. Облыста коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан үлкен жұмысты құнсыздандырмаңыздар. Тұрғындардың көңілін қалдырмаңыздар. Мәртебелеріңіз немесе жұмыс орнына қарамастан әрекеттеріңізге жауап бересіздер!", - дейді Жеңіс Қасымбек.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.