НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ: «ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРДІ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУІ КЕРЕК»
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы құрылыс жұмыстарының барысына қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне, мердігер мекеме басшлығына бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, жиында аймақ басшысы құрылыстағы кемшіліктерді шұғыл қалпына келтіру туралы тапсырма орындалмаған жағдайда арнайы құрылған жұмыс тобының қарауына ұсынылатынын жеткізді. Бұл тек құрылыс нысандарына қатысты емес. Жол құрылысы, газ, жылу, жарық желілерін тарту жұмыстарының да сапасы тексерілетін болады.