Балық аулауға шыққан адам ауға оратылып, көл ортасында батып кетті
184
Қызылорда облысында балық аулауға шыққан адам ауға оратылып, көл ортасында батып кетті, - деп хабарлайды Opennews.kzақпарат агенттігі.
20 қарашада сағат 3.19-да 112 құтқару қызметінің кезекшісінен төтенше жағдайлар департаментіне хабар келіп түсті. Онда «Қызылорда-Жезғазған» жолынан Құмкөлге қарай 17 шақырымында «Әбітай» көлінде 1 ер адам балық аулап жүріп жоғалып кеткені жөнінде айтылған.
Сүңгуір жұмыстарын жүргізуге құрылған аулар кедергі келтірген. Құтқарушылар ескекті үрлемелі қайықпен көл бетінде барлау және су асты жұмыстарын жүргізді.

"Шақырту бойынша жедел құтқару жасағынан сағат 3.30-да 6 құтқарушы 2 бірлік техника, 1 үрлемелі қайық және 3 сүңгуірліқ құралымен жолға шықты. Олар оқиға орнына сағат 3.50-де жетті. Оқиға орнында Қызылорда қаласында тұратын 64 жастағы азаматтың көлге үрлемелі қайықпен балық аулау мақсатында ау құрып жүріп, жағалауға қайта оралмағаны белгілі болды", – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Сүңгуір жұмыстарын жүргізуге құрылған аулар кедергі келтірген. Құтқарушылар ескекті үрлемелі қайықпен көл бетінде барлау және су асты жұмыстарын жүргізді.
"Нәтижесінде сағат 5.51-де жағалаудан 20-25 метрдей қашықтықта су астынан ауға оратылып қалған азаматтың жансыз денесі табылды. Құтқарушылар жансыз денені полиция қызметкерлеріне тапсырды", – деп мәлім етті ведомстводан.