11-қабаттан велосипед лақтырған: Сәби ғажайыптың күшімен аман қалған

1 513

Фото: Видеодан скринАстанада көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан велосипед құлаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ол құлаған жерде бірнеше секунд бұрын кішкентай бала жүріп өткен еді. Болған жағдай бейнебақылау камерасын түсіп қалған. 

Видео Instagram желісіндегі sergek.kaz парақшасында жариялаған. Бейнежазбадан үйдің кіре-берісінден сатыдан баланың түсіп келе жатқанын көруге болады. Бүлдіршін сатыдан түсіп, солға қарай бұрылып кеткен. Артынша бірнеше секундтан кейін дәл сол жерге 11-қабаттан велосипед құлаған. Куәгерлердің айтуынша, велосипед 11-қабаттан құлаған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Полиция өкілдері болған жағдайға кәмелет жасқа толмаған үш баланың қатысы бар болуы мүмкін екенін айтқан. Жасөспірімдер велосипедті ауладан тауып алған. Онымен ойнап болған соң оны 11-қабатқа көтеріп, биіктен лақтырған.

"Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерін анықтады. Оларға қатысты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", – деп мәлімдеді ведомство.

Қалған екі балалармен профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.