Қызылордада балабақша көлігі қаққан бүлдіршін мерт болды

559
Жекеменшік балабақша көлігінің жүргізушісі балабақша тәрбиеленушісін қағып өлтірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


"Қызылордада жекеменшік балабақшалардың бірінің жүргізушісі мекемеге 7 баланы алып келген. Балаларды балабақшаға апарып жатқан тәрбиешінің көмекшісі бір баланың көшеде қалай қалғанын байқамай қалды. Жүргізуші де балаға мән бермей, оны қағып кеткен. Бала ауруханаға апарар жолда қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді министрліктегілер.


«Балабақша ашу және жұмыс істеу үшін уәкілетті органға хабарлама жіберу жеткілікті. Сонымен қатар, мемлекеттің балабақшаларда қандай жағдай жасалғанын, қабылданған тәрбиешілердің біліктілігі қандай, санитарлық-өрт жағдайлары тіпті ең төменгі талаптарға сай ма, соны бақылау функциясы жоқ. Білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйымдарды аралап, тексеруге заңды құқығы жоқ.
Осыған байланысты балабақшаларды лицензиялау тәртібін қайтару қолға алынуда. Бұл балабақшалардағы жағдайдың сапасына, жұмысшылардың біліктілігіне, санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына, тамақтың сапасына, бейнебақылау камераларының жұмысына қойылатын талаптарды белгілеуге мүмкіндік береді», -
 деп еске салды Білім министрлігі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.