6 көлік жол апатына түсті: кінәлі белгілі кәсіпкер болып шықты

1 302

Фото: видеодан кадрҚарағандыда алты көліктің жол апатына түсуіне кінәлі белгілі кәсіпкер Сергей Камаев болып шықты. Бұл туралы "Патриот" телеграм арнасы жазды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Телеграм арнаның мәліметінше, Камаевтың кәсібі көлік жасаумен байланысты. 

"Егер тергеу судьясы оны қамауға алу туралы қаулы шығарса, Камаев сот отырысына дейін абақтыда отырады. Оның адвокаттары үйқамақ немесе елден кетпеу туралы қолхатпен де шығарып алуы мүмкін. Кәсіпкер 55 жаста. Ол полицияға берген жауабында көлігі істен шығып, бұзылғанын айтқан. Мұны тексеру үшін тергеуші автотехникалық сараптама тағайындаған", - деп жазылған телеграмда. 


Жол апаты салдарынан оқиға орнында бір адам қаза тапқан болатын. Ол - "Ниссан" жүргізушісі, 1984 жылғы азамат. Ал көлікте отырған жолаушы әйел жүкті болған, қазір ол ауруханада.  


Оқиға 2 қыркүйек күні күндіз сағат 14.15 шамасында Аманжолов көшесінде болған. Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. 


Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел басқару орталығының бақылау камераларынан көліктердің соқтығысқан сәті түсірілген жазбалар алынды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.