Қызылорда облысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тасымалдаған азаматша ұсталды

1 470

Фото: Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметіҚызылорда облысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тасымалдаған азаматша ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті.

ПД мәліметінше, Қызылорда облысында ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің полицейлері «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Аталған шара облыстық прокуратураның үйлестіруімен өткізілді.

«Іс-шара барысында Ақтөбе қаласынан 5,66 грамм, аса ірі мөлшерде «мефедрон» түріндегі синтетикалық есірткі затын Байқоңыр қаласына тасымалдағаны үшін күдіктелген азаматша ұсталды. Ол синтетикалық есірткі затын заңсыз иемденіп, өзімен бірге сақтаған. Күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген ПД мәлімдемесінде.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.