"Жыныс мүшелерін кесіп, өртеген": Израиль ХАМАС содырларын әйелдерді айуандықпен өлтірді деп айыптады
Израиль билігі ХАМАС-ты шабуыл кезінде әйелдер мен қыздарды зорлап, қинады деп айыптады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап.
Шабуыл кезінде қаза тапқандардың мәйіттерін жинап, зерттеу кезінде оларда зорлық-зомбылық белгілері, жамбас сүйектерінің сынуы, көгеруі байқалған.
Израиль полициясы “Нова” музыка фестиваліне келіп, шабуыл куәгері болған адамдардың бірі топтық зорлау, дене жарақатын салу және өлім жазасына кесу жағдайлары болғанын баяндайды.
Шабуыл болған күні жалаңашталған және қанға боялған әйелдердің фотолары тарады. Айтуларынша, тек санаулы құрбан ғана бұл жағдайдан кейін тірі қалған.
ХАМАС содырлары әйелді зорлап жатып, басына оқ атып өлтірген. Ал біреуін топпен зорлап, қорлағаннан соң атып тастады дейді.
Куәгерлердің бірі бұл жағдайды видео түсірген. Ол содырлардың қыздардың дене бөліктерін кесіп, мазақ қылғанын айтады.
Фестиваль өтетін жерде болған адам қыздардың айқайын естіп, зорлағандарын білдім дейді.
Полиция зорлық-зомбылық құрбандарының нақты санын анықтай алмайтынын айтты. Сонымен қатар тірі қалған құрбандар тілдесуден бас тартыпты.
Алайда ХАМАС Израильдің айыбын жоққа шығарды.
Израиль әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту министрі Мэй Голан зорлық-зомбылық құрбандарының бірнешеуі аман қалғанын және олардың барлығы қазір психиатриялық ем алып жатқанын айтты. Айтуынша, олар мүлдем сөйлеуге құлықсыз, жақындарымен де сөйлесе алмай қалған.
ХАМАС қолы кесілген және шалбарында үлкен қан дақтары бар кісенделген әйелдің кепілге алынғанын видеоға түсірген. Сонымен қатар тұтқынға алынған әйелдердің жалаңаш жүрген видеосы бар. Олардың белге дейінгі жалаңаштанғаны, сондай-ақ жыныс мүшелері мен аяқтарында жарақат белгілері бар екені байқалады.
Еврей университетінің Дэвис халықаралық қатынастар институтының заңгер сарапшысы доктор Кохав Элькаям-Леви ХАМАС әйелдердің денесін қалқан ретінде қолданған деп пайымдады.
Израиль полициясының бастығы Яков Шабтайдың айтуынша, көбісі сөйлеу қабілетінен айырылуға сәл қалған, өз оқиғаларын айтуға дайын емес.
Тіпті өзіне қол салғандар бар.
Зорлау фактілері туралы деректерді Шура әскери базасына келген мәйіттерді өңдегендер мәлімдеді.
Мәйіт жинаушылардың бірі, "Зака" діни ұйымының еріктілері басқа да азаптау түрлері туралы айтты. Айтуынша, қаскөйлер жүкті әйелдің жатырын кесіп, құрсақтағы сәбиін ақтарып тастаған.
Мәйіт жинаушы Начман Дикштейн Киббутц Биеридегі қолы мен аяғы төсекке байланған екі әйелдің денесін көргені туралы жазбаша куәлік берді.
Шабуыл болған жерден еріктілер жүздеген мәйітті жинаған.
Мәйіттерде зорлау фактілері, соның ішінде жамбас сүйектерінің сыну фактісі анықталған. Ал кейбірінің денесінің белден төмен бөлігі бөлініп қалған, олардың зорланған-зорланбағаны белгісіз. Доктор Элкаям-Леви басқарған азаматтық комиссия 7 қазанда болған оқиғаның адамзатқа қарсы қылмысқа тең жүйелі зорлық-зомбылық екенін халықаралық мойындауға шақырды. Ол мұны геноцид деп тануды сұрады.