Жас жігіт өгей әкесін пышақтап өлтірді

265
Солтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны жанжал барысында өгей әкесін өлтірген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, кісі өлтіру оқиғасы 18 қазанда Есіл ауданында болған.

«Явленка ауылының 24 жастағы тұрғыны өгей әкесімен бірге ішімдік ішкен. Олар жанжалдасып қалып, артынша жас жігіт қарсыласына көптеген пышақ жарақатын салған. 1976 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмған», деді облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу шаралары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.