Жас жігіт өгей әкесін пышақтап өлтірді

271

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Солтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны жанжал барысында өгей әкесін өлтірген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, кісі өлтіру оқиғасы 18 қазанда Есіл ауданында болған.

«Явленка ауылының 24 жастағы тұрғыны өгей әкесімен бірге ішімдік ішкен. Олар жанжалдасып қалып, артынша жас жігіт қарсыласына көптеген пышақ жарақатын салған. 1976 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмған», - деді облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу шаралары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.