"Бүтін бір ауыл егіліп жылады": Үндістанда тұрғындар өлген бұқа үшін 13 күн аза тұтқан

514
Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Курди ауылының тұрғындары өлген бұқа үшін 13 күн аза тұтты, деп жазады ЭК шетелдік басылымға сілтеме жасап.

The Times of India таратқан ақпаратқа қарағанда, бұқа бұл ауылда 20 жыл өмір сүрген. Тұрғындар оны отбасының бір мүшесі деп есептеп келген.

Бұқа өлген соң, діни рәсімін жасап, дастархан жайып, 13 күн аза тұтқан. Үндістанда мұндай рәсімді отбасының үлкені қаза болғанда жасайды екен.

"Жаназа кезінде адамдар егіліп жылады. Жануарды бәрі жақсы көрді", - дейді жергілікті діндар Нареш Пандит.

Бұқа ешкімге тиесілі емес. Бірақ оған бүкіл ауыл болып оған қараған.

Бұқа қартайып өлген. Оны бұзау кезінде ауылдың жанындағы қасиетті жерден тауып алғандықтан жергілікті тұрғындар құдайдың сыйы деп түсінген. Кейбірі оны ақ бұқа кейпінде суреттелінетін Нандин құдайы деп білген.