Мұғалім оқушының қолына қалам тығып алған

241

Шымкентте оқушының қолына қалам тығып алған мұғалім жұмысын жалғастырады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Баланың қолына қалам тығып алған мұғалім Шымкенттегі мектепте жұмысын жалғастыратын болады.

Білім басқармасы мәліметінше, мұғалім абайсызда баланың қолына үшкір қаламды тигізіп алған, сондықтан №69 мектепте сынып жетекшісі қызметін жалғастырады.

"Оқиға сағат 14:45-те №69 мектептің 5 "Ж" сыныбында үзіліс кезінде болған. Мұғалім балалардың қалай төбелесіп жатқанын көріп, оларды ажыратуға келген. Сол кезде қолында қалам болған, оны абайсызда Жолбарысқа тигізіп алған. Сынып жетекшісі және зардап шеккен баланың ата-анасымен түсіндірме әңгіме жүргізілді. Мұғалімге қатысты тәртіптік шара қолданылды, мектепте жұмыс жалғасады", - деді қала әкімдік өкілдері.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.