Еліміздегі мектеп дәретханалары жабық кабиналар және қағазбен жабдықталмақ

1 362

Қазақстандағы білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға түзетулер енгізуге қатысты заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“...Дәретханалар, қолжуғыштар, қол жууға және кептіруге арналған құралдар, дәретхана қағазы, дәретхана қағазын ұстағыштар, қоқыс жәшіктері. Мектепалды даярлық сыныптары үшін балалар дәретханалар орнатылады. Оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған дәретхана есіктері құлыпталатын жабық кабиналарға орналастырылады”, – делінген құжатта.


Түзету жобасы ата-аналардың шағымына байланысты дайындалған. Ата-аналар дәретхананың құлыпталмайтынын, дәретхана қағазының жоқтығын айтып шағымданған болатын.


"Бұл талаптар қатаң талаптар емес, нақтылау үшін ұсынылуда. Бұл ұсыныстар халықаралық мектеп стандарттарын, сондай-ақ ДДҰ-ның тиісті талаптарын ескере отырып дайындалды", - делінген ақпаратта.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.