Нұр-Сұлтанда жұмысшы ақша салынған сейфті терезеден лақтырып жіберді

417
Нұр-Сұлтанда ұрлық жасады деп күдікке ілінген 25 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарына қарағанда, жәбірленуші 25 жастағы жұмысшыны пәтеріндегі жөндеу жұмыстарын жасауға шақырған, біраз уақыт жұмыс істеген жігіт балкондағы сейфті байқап, оны ашпақ болған.


"Сейфте көп ақша болуы мүмкін, есігі ашылады деген үмітпен, оны 7-қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Кейін өзі пәтерден асығыс шығып кеткен. Оқиға орнына келіп, сейфтің ашылмайтынына көзі жеткен соң қашып кеткен. Бұл туралы полицияға куәгерлер хабарлады. Сейфте 4 500 АҚШ долларына жуық ақша және құжаттар болғаны анықталды",-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"Күдікті өз кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленіп, оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ұсталған азамат ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған", - деп қорытындылады ДП.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.