Несиені жеңілдетуді ұсынатын жалған қызметтер таралуда

1 512

Фото:© pixabay.comҚаржы нарығын реттеу агенттігі несие жеңілдетемін деген ақылы делдалдарға жүгінбеуге шақырды, өйткені бұл несие тарихын бұзып, шығынды көбейтуі мүмкін, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда несие бойынша «көмек көрсетемін» деген делдалдық қызметтердің саны артып келеді. Мұндай қызметтердің құны әдетте 50 мың теңгеден басталып, кейбіреулері бұғатталған картаны ашу немесе қарызды кешіруді уәде етеді. Алайда Қаржы нарығын реттеу агенттігі өкілдері бұл әдістердің тиімді еместігін атап, қарыз алушылардың пайда көрмейтінін ескертеді. 

Сондықтан тек несие берген банкпен немесе заңды кредиттік ұйымдармен ғана жұмыс істеуге кеңес беріледі. Делдалдарға жүгінген азаматтар уақытын жоғалтып қана қоймай, қарыздарының өсіп кетуіне және келісімге келу мүмкіндігінің азаюына ұшырайды. Көп жағдайда қарызды «кешіремін» деген үміт азаматтардың қаржылық жағдайын одан әрі қиындатады.

"Қарыз алушы қиын жағдайға түсіп қалған жағдайда заң бойынша 30 күн ішінде жүгінуге болады. Кредиттік ұйымға шағым тастайды және де керекті құжаттарын беру керек. Кредиттік ұйымдар  банктер, микроқаржы ұйымдары, олар заң бойынша қарыз алушының шағымын, құжаттарын толық тексеріп, нақты бір шешім шығарып, жауап беруге тиіс", - дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бастығы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бастығы Дәмилә Байділдаева..