«Сені ешқандай бай алмайды» - қыздың жоғалуына анасының осы сөзі себепші болған

527
Шымкенттегі Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен Анельді іздеп тапты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



2022 жылдың 30 желтоқсанында Абай ауданы полициясына жергілікті тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған қызы жоғалғаны туралы шағымданған болатын. Белгілі болғандай, қыз туыстарымен жанжалдасып үйінен шығып кеткен. Бұған дейін жасөспірім 3 рет үйінен кетіп қалып, полицейлер оны анасына қайта тапсырған.

Шымкент қаласы ПД-ның жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен еріктілер жоғалған қызды 7 күн бойы тоқтаусыз іздеді. Баланы іздеу жұмыстары Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында болды.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жедел уәкілдер жасөпірімді темір жол вокзалында тапты.

Анықталғандай, Анель бұл күндері бейтаныс адамдардың үйінде жасырынған. Өз бетінше жұмысқа орналасуға тырысқан.



Кәмелетке толмаған қыздың айтуынша, үйден қашуға оның анасының жиі ұрып-соғып, «сені ешқандай бай алмайды» деп айтуы себеп болған. Жасөспірім үйге барудан түбегейлі бас тартып отыр. Қазіргі таңда әкімдік, Білім басқармасы және полиция қызметкерлері тарапынан арнайы комиссия құрылды. Олар анасын ата-ана құқығынан айыру туралы құжаттарды жинайды.

Бұл уақыт аралығында қыз Кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылады.