ҚАРА ӨЛЕҢДІ ҚҰЛАГЕРДЕЙ ҚУАТТАҒАН АҚЫН ӘСКЕРБЕК РАХЫМБЕКҰЛЫН ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ
104

Аймақ басшысының тапсырмасымен ұйымдастырылған жиынға облыстың зиялы қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және ақынның туған-туыстары мен жақындары қатысты.
Шарада Әскербек Рахымбекұлының бірге оқыған достары, замандастары, жазушы Махмұтбай Әміреұлы, ақын Қаршыға Есімсейітова, Зинабдин Шермұхамедұлы, Шәкизада Әбдікәрімов және Дүйсенбек Аяшұлы, жылы естеліктерімен бөлісті.
- Әсекең өте ақжарқын жан еді. Әрдайым өзінің артынан ерген іні-қарындастарына үлгі болып, жанындағыларға жылулық сыйлай білді. Осы қасиеті арқылы ортасында абыройлы болды. Бүгінгі еске алу кеші келер ұрпаққа қалатын ізгілікті іс. Қазақ поэзиясында Әскербектің есімі мәңгі өшпейді,- деді Махмұтбай Әміреұлы.
«- Табиғат тазару үшін жаңбыр керек,
Ал адам рухани тазаруы үшін ақын керек...

Сондай-ақ, шарада облыстық Жастар театрының әртістері ақын өлеңдерін жатқа оқыса, А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары Ә. Рахымбекұлының сөзіне жазылған әндерді әуелете шырқады.
Қасиетті топырақтан нәр алып, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Әскербек Рахымбекұлының есімі қазақ өлеңі тірі тұрғанда жасай бермек.
